Якутиядағы орман өрттерінен тараған түтін Павлодарға жетті

1144

Аймақтық ТЖД экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі туындамағанын мәлім етті.   

Якутиядағы орман өрттерінен тараған түтін Павлодарға жетті

Якутиядағы орман өрттерінен шыққан түтін Қазақстанға, оның ішінде Павлодар мен Павлодар облысының кейбір аудандарына жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ресей Федерациясының Якутия аумағында орман өрттері екі аптадан астам уақыт бойы жалғасуда. (...) Осы өрттің салдарынан біздің облыстың кейбір аудандарында, соның ішінде Павлодар қаласының аспанын торлады", – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.

"Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі туындамады. Жақында түтін сейіледі", – деп хабарлады департаменттен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу