Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер "Қара бүркітте" жазасын өтейді

Мұндай мәліметті Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растап отыр. 

Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер "Қара бүркітте" жазасын өтейді Фото: желіден

Алдын ала мәлімет бойынша, уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған қос айыпталушы 19 сәуір күні арнайы вагонмен түрмеге жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысында орналасқан "Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтейді.

Айта кетейік, Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сот үкімі былтыр 17 қарашада шықты. Сот Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін оларды кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырған

Кейін Атыраудағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың мәліметтер белгілі болған еді. 

Ақпан айында ғана айыптылардың аппеляциялық шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу