"Яндекс" акцияларының бағасы тарихи максимумды жаңартты

671

Максималды көрсеткіш бұған дейін 2020 жылдың 23 қыркүйегінде тіркелген еді.

"Яндекс" акцияларының бағасы тарихи максимумды жаңартты Фото: tass.ru

Мәскеу биржасында сауда-саттық ашылған кезде "Яндекс" акцияларының бағасы тарихи максимумды жаңартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Биржаның мәліметі бойынша, бір акцияның құны 5 679,8 рубльге дейін қымбаттады.
"Яндекс" акцияларының максималды құны бұған дейін 2020 жылдың 23 қыркүйегінде тіркелді. Ол кезде бір акция 5 653,2 рубльге саудаланған еді.

31 тамызда "Яндекс" "Яндекс.Еда", "Яндекс.Лавка", "Яндекс.Доставка" сервистері және автокөліктер мен роверлер бизнесіндегі Uber үлесін толығымен сатып алатынын хабарлады. Бұдан бөлек "Яндекс" Uber-ден бірлескен кәсіпорын акцияларының 4,5%-ын сатып алып, ондағы өз үлесін 71%-ға дейін арттырмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу