"Яндекс. Еда" жеке деректердің тарап кетуіне байланысты түсінік берді

1006

Компания мәліметінше, бұл жағдайға қызметкер кінәлі.  

"Яндекс. Еда" жеке деректердің тарап кетуіне байланысты түсінік берді

"Яндекс. Еда" қызметі қазақстандықтардың жеке деректернің қолды болуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақпараттық қауіпсіздік қызметі "Яндекс.Еда-дағы" тапсырыс туралы ақпараттың тарап кетуіне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Пайдаланушылардың банктік деректері, сондай-ақ шоттардың логиндері мен құпия сөздері тарамаған. "Яндекс. Еда" құқық қорғау органдарына өтініш берді және тапсырыс туралы ақпараттың одан әрі тарауына жол бермеу үшін барлық қажет әрекеттерді жасайды. Сонымен қатар компания деректерді сақтаудың ішкі стандарттарына қойылатын талаптарды едәуір күшейтті", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, интернетте Ресей мен Қазақстандағы 7 млн-ға жуық пайдаланушының бірегей нөмірі мен олардың тапсырыстары туралы ақпарат қолжетімді болды:

- аты / тегі (олардың қызмет профиліндені аты);

- телефон (Ресей/Қазақстан 6 882 230, Беларусиядан 206 725 нөмір);

- жеткізу мекенжайы;

- тапсырысқа жазылған пікірлері;

- тапсырыс деректері (19.06.2021 - 04.02.2022);

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу