Яндекс елордалық оқушының жобасын үздік деп таныды

782

Ресей астанасында Яндекс компаниясының үздік түлектерді құттықтау рәсімі өтті.

Яндекс елордалық оқушының жобасын үздік деп таныды

Компанияның үздік түлектер жобасына Ресей, Қазақстан және Грузияның оқушылары қатысты. Еліміздің намысын Бахтияр Нұрмахан (Нұр-Сұлтан қаласы), Санжар Махмут (Алматы), Никита Слесарский (Алматы), Артём Макаров (Алматы), Илья Салаватов (Алматы) қорғады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Төрт күн ішінде түлектерге Мәскеудегі Яндекс компаниясының бас кеңсесіне экскурсия, digital art, хакатон әзірлеу үшін touchdesigner бағдарламасы бойынша шеберлік сабақтар, жобалар таныстырылымы, сондай-ақ оқытушыларға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. 

Хакатон сайысында жас стартапшылар 10 сағат бойы түрлі деңгейдегі техникалық тапсырмаларды орындады.

Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 26 команданың ішінен 4 және 7-орынға ие болды. Ұсынылған 90 стартаптың ішінде елордалық оқушы Бахтияр Нұрмаханның жұмысы үздік жобалардың бірі деп танылды. 

Айта кетейік, аталған жобаға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр, барлық шығынды компания өтеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу