Яндекс Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарына көмектеседі: әрбір 10 шақырым жүрілген жолға компания 1 теңге аударады

245

Оған Яндекс Go қосымшасының кез келген пайдаланушысы қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Яндекс Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарына көмектеседі: әрбір 10 шақырым жүрілген жолға компания 1 теңге аударады Фото: Яндекс Қазақстан баспасөз қызметі

Сіз күнделікті әдеттеріңізді өзгертпестен игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін жұма күндері сапар жасау жеткілікті. Науқан Яндекс Go-дың барлық тарифтеріндегі сапарларға және сервис жұмыс істейтін барлық қалаларға таралады.

Сапарлар неғұрлым көп болса, соғұрлым қосылған үлес көп – өзіңіз және жақындарыңыз үшін сапарларға тапсырыс беруге болады. Сервис жұма күндері жолдың әрбір 10 шақырымы үшін Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарының пайдасына өз есебінен 1 теңгеден аударып отырады.

Қорытынды сома бағдарламаның "Арди" , "Тепло", "Өмірге сен", "Вместе против рака" сияқты серіктестеріне көмек беруге жұмсалады.

Науқан ай бойы жалғасады. Оның қорытындысы 28 қарашада "Жомарт сейсенбіде" ("Щедрый вторник") шығарылады. Бұл күні әлемнің барлық елдеріндегі адамдар қалай және кімге көмектесетінін айтады, ал коммерциялық емес ұйымдар мен бизнес қайырымдылық шараларын өткізу үшін бірігеді.

"Кез келген қайырымдылық ұйымы әрдайым өмірдің әр түрлі қиын жағдайларына тап болған адамдардың жағдайын жақсарту немесе жеңілдету туралы идеялар теңізі болып табылады. Бұл идеялар, әдетте, оларды жүзеге асыруға болатын ақшадан да көп. Қорды қаржыландыру көздері – бұл нысаналы гранттар, Яндекс Казахстан сияқты әлеуметтік-жауапты компаниялар мен қарапайым адамдардың қайырымдылық көмектері. Бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктірмей, қатерлі ісікке қарсы күресу мүмкін емес. Біздің қор үшін "Жомарт қараша" ("Щедрый ноябрь") науқаны біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау кезінде одан да көп пайда әкелу және оған бей-жай қарамайтын адамдар тобын кеңейту мүмкіндігі", деді "Вместе против рака" Қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлнар Кунирова.

"Біз денсаулығы ерекше балалары бар 600-ге жуық отбасына үнемі қолдау көрсетеміз, олар үшін оңалту, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырамыз. Біз үшін "Жомарт қараша" ("Щедрый ноябрь") науқаны – күш біріктіру арқылы басқа адамдарға қалай көмектесуге болатынын көрсетудің жарқын мысалы. Біз мұндай науқандар қоғамдағы қайырымдылыққа деген көзқарасты өзгертеді, сондай-ақ оны күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырады деп сенеміз. Сонымен бірге бұл біз үшін қорымыздың бастамалары туралы көбірек адамдарға айтып, қамқорлығымыздағы адамдарға көмек көрсетуге назар аудару мүмкіндігі", деп ойымен бөлісті Арди директоры Ахтанова Әсия Тахавиқызы.

Яндекс Қазақстан бастамашылығымен жасалған "Жомарт қараша" ("Щедрый ноябрь") науқаны елімізде екінші рет өтеді.

Сонымен қатар сервис Қазақстанның бірнеше қайырымдылық ұйымының қамқорлығындағы адамдарға тегін сапарларды ұйымдастыруға көмектеседі. Ал денсаулығы мүкіс пайдаланушылар Яндекс Go-да таксиге тапсырыс беру және сапарлар кезінде маңызды опцияларды көрсете алады.

Олар арнайы мүмкіндіктердің жеке экранында жинақталған. 2023 жылғы ақпаннан бастап 145 000-нан астам сапар арнайы опциялармен сәтті жасалды.

Қайырымдылық ұйымдары туралы:

АРДИ

Қазақстанда мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы 1991 жылы құрылды. Осы ұйымның бастамасымен 2004 жылы Тәуелсіз өмір орталығы, ал 2018 жылы Церебральды сал ауруы бар балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығы ашылды. АРДИ-дің көмегін 600-ден астам отбасы алады.

Тепло

"Тепло" әлеуметтік-қайырымдылық эко-жобасының қызметі мұқтаж жандарға заттар жинауға бағытталған. Киімдер сұрыптау мен іріктеуден өтеді, содан кейін қайырымдылық қорларына, қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге беріледі. "Тепло" дүлей апаттар мен табиғи катаклизм болған жерлерге гуманитарлық көмек жинап жіберуге белсенді қатысады. Алты жарым жыл ішінде жоба 750 000-нан астам адамға көмектесті.

Өмірге сен

2017 жылдан бастап қор жүйке-бұлшықет аурулары бар адамдарға және олардың отбасыларына көмектеседі. Қазір қордың қамқорлығында 530 адам бар және олардың 50-ге жуығы өкпені жасанды желдету немесе инвазивті емес желдету аппаратының тұрақты қолдауында. Қордың атауы "Өмірге сен" деп аударылады.

Вместе против рака

Қор онкологиялық аурулары бар адамдарға көмектеседі. Халықты хабардар ету арқылы аурудың профилактикасын, диагностикалауды, оңалтуды және паллиативтік көмекті дамытуға ықпал етеді. Қордың басты мақсаты – барлық қоғамның қатерлі ісікке қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу