"Яндекс" Мәскеуде жүргізушісіз жүретін таксилерді іске қосады

696

Бірақ штаттан тыс жағдай туындаған кезде басқаруды өз мойнына алатын инженер көлік ішінде отыруға тиіс.

"Яндекс" Мәскеуде жүргізушісіз жүретін таксилерді іске қосады

"Яндекс" Мәскеу қаласында жолаушыларды тасымалдау үшін жүргізушісіз жүретін таксилерді іске қоспақшы, деп хабарлайды Inbusiness.kz РБК сайтына сілтеме жасап.
Бұл технологияны енгізу биыл немесе келесі жылға жоспарланған. Бастапқыда Мәскеу жолдарында он шақты көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. Компания өкілінің айтуынша, көліктердің нақты қашан іске қосылатыны бағдарлама бекітілгеннен кейін белгілі болады. 

Тізгінін адам ұстамайтын алғаш таксилер 2021 жылы Иннополисте қызмет көрсете бастайды. Тәжірибе аясында небәрі сегіз көлік жолаушыларды тасымалдайды.

Жалпы, "Яндекс" мыңдаған көлік енгізуді жоспарлап отыр. Ескере кететін жайт, үкіметтің қаулысына сәйкес, штаттан тыс жағдай туындаған кезде басқаруды өз мойнына алатын инженер көлік ішінде болуы тиіс.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу