"Яндекс" митингіге шыққан курьерлерге бонустарын жіберетін болды

1174

Компанияда бонустар техникалық жаңартуларға байланысты уақытылы түспегені айтылды.

"Яндекс" митингіге шыққан курьерлерге бонустарын жіберетін болды Фото: Baigenews

"Яндекс" компаниясының баспасөз қызметі Астанада ереуілге шыққан курьерлердің талаптарына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

9 шілдеде "Яндекс" курьерлері еңбек жағдайына наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Оған техникалық жаңартуға байланысты есептелмеген бонустар себеп болды, деп хабарлады "Яндекс" баспасөз қызметі.

"Бізде серіктестер мен олардың курьерлеріне арналған мотивациялық бағдарламалар бар. Өткен аптада бағдарламалардың бірінің шарттары техникалық жаңартудан өтті. Бонустар алдағы бірнеше күнде қосымша есептеледі, оның сомасы курьерлер қосымшасында көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Компания соңғы жарты жылда Астанадағы "Яндекс" курьерлердің бір сағатта табатын орташа табысы төмендемегенін атап өтті: яғни мото-тариф үшін 1700 теңгені және автомобильдегі курьерлер үшін 1900 теңгені құрайды. Сервис бұрынғы режимде жұмысын жалғастыруда, деп атап өтті "Яндексте".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу