"Яндекс.Такси"-дің бағаны қымбаттауына байланысты іс сотта қаралып жатыр

678

"Яндекс.Такси" компаниясының қызметіне байланысты бір айыптау ісі тоқтатылды, екіншісі іс сотта қаралып жатыр. 

"Яндекс.Такси"-дің бағаны қымбаттауына байланысты іс сотта қаралып жатыр Фото: google

 Бұлай деп ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда компанияның қызметіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

"Екі тергеу ісі басталған болатын, оның біреуі тоқтатылды. Тергеу аясында сот процесі қатар жүріп жатыр. Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануға қатысты болса, екіншісі бағаны қолдан көтеру дерегі бойынша жүргізілуде. Бірінші дерек бойынша тергеу шарасы тоқтатылды, бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу