Яндекс.Такси сервисінің 280 мыңнан астам жүргізушісі бар

936

Яндекс.Такси сервисінің 280 мыңнан астам жүргізушісі бар

Петропавл және Қостанай қалаларында Яндекс.Такси сервисі жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары таксиге мобильді қосымша немесе сайт арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды abctv.kz. 
Яндекс.Такси пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, тапсырысты бәрінен бұрын келуі мүмкін жүргізушіге жібереді. Петропавлда және Қостанайда таксиді күту уақыты орта есеппен 5 минут, ал автокөліктің қозғалысын қосымшадағы қаланың картасынан бақылап отыруға болады. Бұл қалаларда бірыңғай тариф қолданылады: сапардың құны 200 теңгеден аспайды, бұл сомаға машинаны беру және 2 шақырым жол кіреді, одан ары әрбір шақырым үшін ең көбі 50 теңгеден есептеледі. Мысалы, Петропавлда 380 теңгеге неке сарайынан "Азия" сауда үйіне дейін жетуге болады. Ал Қостанайда ОӘД-нен  "Жемчужина" медициналық орталығына дейінгі сапардың құны шамамен 210 теңгеге тең болады. Қала сыртына шыққанда бағдардың әрбір шақырымы үшін 100 теңгеден артық сома есептелмейді.

Яндекс.Такси сервисі Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте, Арменияда, Молдовада және Грузияда жұмыс істейді. Жалпы сервиске 280 мыңнан астам жүргізуші қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу