TCS Group иесі Олег Тиньков компаниясын "Яндекске" сатса да, компаниядан кетпейтінін мәлім етті. Кәсіпкер қаржы нарығында көздеген мақсатына жетіп, ендігі кезекте басқа іспен айналысуға ниетті екенін білдірді. Алдағы уақытта ол лейкемиямен ауыратындар үшін қайырымдылық қорын ашпақшы.
Еске сала кетсек, 2019 жылы Тиньковтың осы ауруға шалдыққаны анықталған еді, бірақ оның дертке душар болғаны туралы 2020 жылдың наурызында көпке мәлім болды.
Бірақ кәсіпкер "Яндекспен" келісім жасалғаннан кейін, банкте қандай позицияда болатынын ашып айтпады.
TCS Group компаниясының "Яндекске" саудалатыны туралы 22 қыркүйекте жарияланған болатын. Rbc.ru басылымының дерегінше, оның әр акциясы шамамен 27,64 долларға бағаланып отыр. Ал келісімнің жалпы сомасы 5,48 млрд долларға жетеді.
Келісім жасалады деген ақпараттан кейін "Яндекс" акцияларының құны Nasdaq биржасында 12%-ға, Мосбиржада 8,2%-ға қымбаттады.
Табиғат Нұрболат