"Яндекстің" негізгі акционері компанияны сатып алу процесін аяқтады

156

"Яндекс" ЖАҚХК негізгі акционері "Консорциум.Первый" ЖПИҚ Yandex N.V. акцияларын сатып алуды аяқтады. 

"Яндекстің" негізгі акционері компанияны сатып алу процесін аяқтады Фото: yandex.ru

Бұл туралы URA.RU ақпараттық агенттігі "Консорциумнан" алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Консорциум.Первый" ЖПИҚ Yandex N.V. акцияларын айырбастау мен сатып алуды аяқтады", - деп хабарлайды "Консорциум".

Компанияның пресс-релизіндегі ақпаратқа сәйкес, "Яндекс" акциялары инвесторларға немесе олардың брокерлеріне аударылды немесе акциялардың орнына ақшалай қаражат берілді.

"Консорциум.Первый" 13 мамырда Yandex N.V. акцияларын айырбастау мен сатып алу процедурасының басталғанын жариялады. Акцияларды айырбастау бір-бірден, бір акция үшін 1251,8 рубль бағасымен жүзеге асырылды. Ұсыныс 2023 жылдың 30 қарашасына дейін өз акцияларын Ресей депозитарийіне аударған инвесторларға жіберілді.

"Консорциум.Первый" ЖПИҚ Yandex N.V.-нің 107 миллион 729 мың 866 акциясын сатып алуды немесе айырбастауды көздеді, бұл компанияның жалпы акцияларының шамамен 29,8%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу