Заңды Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани нысандардың бірегейлігін сақтау заңның негізгі мақсаты саналады.
Заң аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша үйлеспейтін нысандардың құрылысына тыйым салынбақ.
Жалпы, Түркістан қаласы әкімдігіне 27 қосымша өкілеттік, ал мәслихатқа 7 өкілеттік беріледі. Ілеспе түзетулер аясында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.