Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі

452

Зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі Фото: Facebook.com

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады  inbusiness.kz.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кесененің техникалық жағдайын зерттеу мемлекет деңгейінде көтеріліп отырған мәселе екенін атап өтті. 

"Өткен жылы әр саланың білікті мамандарынан құралған жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сала мамандары кесененің жай-күйіне кері әсер ететін күрделі айтарлықтай сыртқы факторлардың жоқ екендігі туралы хабардар етті. Дегенмен ескерткіштің тікелей өзіне қатысты бірнеше проблемалары бар. Зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді", – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы шілде айында, кесененің күмбезіне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, реставрация жасалу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу