Ыдыс-аяқ аламын деп 62 млн теңгеден айырылды

8880

Маңғыстаулық сатушыдан 62 миллион теңгеге ыдыс-аяқ аламын деп алданып қалған көпшіліктен маза кетті.  

Ыдыс-аяқ аламын деп 62 млн теңгеден айырылды Фото: google

Мәселен, Орал қаласының тұрғыны Данагүл Бекесованың айтуынша, маңғыстаулық әйел Whatsapp мессенджерінен топ құрып, ыдыс-аяқ пен техниканы саудалаған. Ал Данагүл болса, сол топтағы түрлі тауарды өз таныстарына ұсынып, 2021 жылдан бері 62 миллион теңгеге тапсырыс беріпті. Жәбірленушінің сөзінше, бағалы ыдыс-аяқ пен техникалар арзан бағада Қытай елінен жеткізілетінін айтып сендірген. Бірақ әлі күнге дейін бірде бір тауар жоқ.

"Арзан тауарлар еді. Соны сату үшін тапсырыс берушілерді өз тобыма жинадым. 100 мың теңгенің тауарын 5 мың теңгеге ұсынды. Сондай заттарды 300-500 данадан тапсырыс бердік. Менің жинаған тапсырысым аз сома емес, 62 миллион теңге. Ал менің артымда біраз адам тұр. Олардың ішінде өзіме қол жұмсаймын деп жатқандар да бар. Бізден тапсырыс қабылдаған Нұргүл деген әйел уәдемен тойдырып келе жатқанына да бір жыл болды", - дейді Данагүл Бекесова.

Бағасы арзан, сапасы жақсы тауар аламын деп сан соққандар енді полицияға арызданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу