Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осындай мәлімет айтты.
"6 қазаннан бері шекаралардағы автомобиль өткізу пунктері арқылы 196 мың адам шекараны кесіп өткен. 364 адамда коронавирус инфекциясы табылды. Соңғы аптада 98 жағдай тіркелді. Халықаралық әуе рейстерімен 60 953 жолаушы келіп, 8 827 адамнан ПТР тест қабылданды. Оның ішінде 48 жолаушыдан індет байқалды. Атап айтсақ, Түркиядан – 16, Египеттен – 18, БАӘ-ден – 5, Беларусьтен – 7, Ресейден – 2 адам. Шекарада сақтық шараларын күшейту жұмыстары да өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр.
Қазақстан аумағында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері, Қазақстан азаматтарының отбасы мүшесі болып саналатын шетелдіктер мемлекеттік шекараны 90 тәулікте бір-ақ рет кесіп өте алады. 2021 жылдың 1 мамырына дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді сақтауға мәжбүр болдық", – деді ол онлайн брифингте.
Есжан Ботақара