Ымыраға келеміз деген үміт бар – Лавров

1460

Бір күн бұрын Зеленский Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздердегі ұстанымдары "қисынға келе бастады" деп айтқан болатын.

Ымыраға келеміз деген үміт бар – Лавров

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина өкілдерімен арадағы келіссөздердің оңай өтіп жатпағанын, бірақ тараптар ымыраға келеді деген үміт бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Президент Зеленскийдің өзі жақында бірқатар қызықты мәлімдемелер жасады. Бұл Зеленский мырзаның қазіргі жағдайға сәл де болса нақты бағасын бергенін білдіреді. Өйткені бұған дейін ол конфронтацияға толы мәлімдеме жасаған болатын", – деді ол.

Бір күн бұрын Зеленский Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздердегі ұстанымдары "қисынға келе бастады" деп айтқан болатын.

Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері ақпан айының соңында басталды. Беларусияда келіссөздердің үш раунды өтті. Осы аптада тараптар талқылауларды онлайн форматта өткізді. Украина президентінің кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестовичтың айтуынша, Ресеймен арадағы келісім кем дегенде 1-2 апта ішінде, ең көп дегенде мамыр айында жасалмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу