Yntymak партиясының құжаттары Әділет министрлігінде тіркеуден өтті

434

Партия құрылтайшылары атап өткендей, бұған дейін бірнеше рет рет сәтсіз болған құжат қабылдау рәсімінен кейін, Әділет министрлігі құжаттарды қабылдаған.

Yntymak партиясының құжаттары Әділет министрлігінде тіркеуден өтті Фото: kaztag.kz

"YNTYMAQ" Республикалық саяси партиясы ҚР Әділет министрлігіне құжаттарын тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті 2024 жылғы 4 наурыздағы "Yntymaq республикалық саяси партиясын" құру ниеті туралы хабарламаңызды қарап, "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-бабы бойынша қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсыну туралы растау жібереді", - делінген Әділет министрлігі партияның құрылтайшыларына жолдаған хабарламасында.

Партия құрылтайшылары атап өткендей, бұған дейін бірнеше рет рет сәтсіз болған құжат қабылдау рәсімінен кейін, Әділет министрлігі құжаттарды қабылдаған.

Жаңа партияны құрудың бастамашыларының қатарында "Астана" халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен, сондай-ақ басқа да бірқатар қоғам және саяси қайраткерлер, экономиканың түрлі саласының мамандары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу