YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатындарды жазалайды

537

Жаңа ереже 14 желтоқсаннан бастап өз күшіне енді.  

YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатындарды жазалайды Фото: newizv.ru

Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын платформа жазалауы үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Gizmodo басылымының мәліметінше, егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды, содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отырғандығы нақтыланған.

"Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді", - делінген YouTube мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу