YouTube Ресейде монетизацияны толық тоқтатты

1191

Енді видео Ресейде қаралым жинағанына қарамастан контент жасаушы одан пайда таба алмайды.

YouTube Ресейде монетизацияны толық тоқтатты

YouTube видеохостингі Ресей Федерациясында монетизацияны толық тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз YouTube Premium және Music Premium жазылымдарын, арналардың демеушілігін, суперчаттарды, суперстикерлерді және Ресейден келген көрермендерді қоса алғанда, монетизацияның барлық мүмкіндігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Бұл YouTube-те контент жасаушылардың видеосы Ресейде қаралым жинамағанына қарамастан одан пайда таба алмайтынын білдіреді.

"Өзгеріс Ресейден тыс жердегі пайдаланушыларға табысын алуға әсер етпейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу