Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда YouTube Premium қашан іске қосылатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Министр ретінде АҚШ-та болған кезде YouTube вице-президентімен сөйлескен едім. Біз келісімге келіп, олар жыл соңына дейін бұл жұмысты жүргізуге уәде берді. Қазір соңғы жаңартулар жүріп жатыр. Олармен электронды пошта арқылы хат алмасқан кезде бұл бөлек аймақ ретінде жүзеге аспайтынын, пакеттік түзетулер жасап жатқандарын айтты. Сол себептен күту керек. Жыл аяғына дейін әлі 3 ай уақыт бар. YouTube өз сөзінде тұрады деп ойлаймын", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Бағдат Мусин алдағы уақытта YouTube компаниясының өкілдерімен онлайн келіссөз жүргізетінін, бұл мәселені тағы көтеретінін айтты.