Youtube те Трамптың аккаунтын бұғаттап тастайды

838

Бұған дейін Twitter мен Facebook осындай қадамға барған еді.

Youtube те Трамптың аккаунтын бұғаттап тастайды

YouTube компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын кем дегенде бір аптаға, тіпті одан да ұзақ уақытқа бұғаттап тастамақ.

Компания өкілінің айтуынша, Трамптың жақында ғана жүктелген соңғы видеосы зорлық-зомбылықтың өршуіне әкеліп соққан, сондықтан оны сервистен жоюға тура келген екен. 

Бұған дейін Twitter және Facebook Трамптың аккаунттарын белгісіз мерзімге дейін бұғаттап тастаған еді. Олар да Ақ үй басшысының жазбалары халықты зорлы-зомбылыққа итермеледі деп айыптады. Трамп болса, олардың бұл қадамы сөз бостандығына жасалған шабуыл дегенді айтты. 

6 қаңтарда Трамп Ақ үйдің жанында митингке жиналған жақтастарын "әлсіз республикашыларға" сайлау қорытындысына қарсы шығуға көмектесу үшін Капитолийге баруға үндеді. Олар содан кейін ғимаратқа баса-көктеп кіріп, Конгрестің Джо Байденді президент ретінде бекіту туралы сессиясын тоқтатқан еді. Тәртіпсіздік салдарынан бес адам қаза тапты. Конгрестегі демократтар вице-президент Майк Пенсті Трампты қызметінен босатуға үндеген еді. Бірақ Пенс одан бас тартты. Демократтар енді Өкілдер палатасында Трамп бүлік шығарды дегенді алға тартып, импичмент жарияламақ. Импичментті қарастыру процесі 13 қаңтарда өтеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: rt.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу