Ақтөбелік шаруалар кәсібінің нәсібін көре бастады. Олар Біріккен Араб әмірліктеріне қой экспорттап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Ырғыз ауданында асылтұқымды мал өсіретін шаруа қожалығы алғашқы мың бас малды жөнелтті. 4-5 айлық марқалар Жамбыл облысына жеткізіліп, сол жерден Араб әмірліктеріне ұшақпен жөнелтіледі. Шетелдік тұтынушылардың талабы қатаң. Қозылар салмақты әрі дені сау болуы тиіс. Шаруа қожалығының иесі бұл әріптестік болашақта да жалғасатынына сенімді. Отардағы 9 мың бас қойдың 2 мыңға жуығын саудаға шығаруға ниетті.
Жалпы Ырғыз ауданының өзі 17 мың тонна етті шетелге экспорттаған.
"Шетелге тиелген әрине жақсы. Алды басталды ғой енді. Бұдан да жақсы нәтиже болады деп күтеміз. Биыл бірінші жыл. Таза өнім ғой. Сосын олар да ұнатып тұрған шығар осы қойды", - дейді шаруа қожалығының басшысы Хамит Өтеуов