Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды

143

Зілзала жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23:44-те орын алған.

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды Фото: Azim Travel

Табиғи апатты Еуропалық-жерорта теңізі сейсмикалық орталығы тіркеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым және Нооката қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 шақырым қашықтықта тіркелді", – делінген ақпаратта. 

Тереңдігі – 10 шақырым. Магнитудасы – 4,6 балл.

Қазіргі сәтке дейін зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу