Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының ҰҒА сейсмология институтының мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 05:41-де тіркелді. Магнитудасы 3,4 болған жер сілкінісі Ош және Жалал-Абад облыстарында байқалды.
"Жер асты дүмпулерінің қарқындылығы: Орқазған, Қанжыға, Ақ Терек, Жиде ауылдарында шамамен 3 балл болды, Салам-Алик, Кош-Этер ауылдарында – 2,5 балл", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу