Қырғызстанның бұрынғы президентінің отбасы баспанасыз қалды

122

Ақпаратты Қырғызстанның ресми бұқаралық ақпарат құралдары растап отыр.  

Қырғызстанның бұрынғы президентінің отбасы баспанасыз қалды Фото: kabar.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы үйлерінен күшпен қуылды.

Болған жайт туралы оның балалары Алия Шакиева мен Кадырбек Атамбаев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.

"Мені, анамды және отбасымның мүшелерін Қой-Таштағы үйден заңсыз шығарып, ата-бабаларымыздың жерінде баспанасыз қалдырмақшы. Біздің үйден 100 метр жерде барлық туысқандарымыз жерленген. Сот орындаушылары келді. Бұл барып тұрған бассыздық. Біз бұған дейін Жоғарғы сотқа да, Конституциялық палатаға да жүгінетінімізді айтқанбыз. Қалалық соттың өзінде әлі шешім шығарылмады. Бұған қарамастан, сот орындаушылары жоғарыдан келген бұйрық бойынша заңсыз әрекеттерге барып отыр.

Мені осы жерде өлтіріңдер! Шетелге, ем қабылдап жатқан әкеммен кездесу үшін де шығармайсыңдар. Елде үйімізді тартып алмақшысыңдар", – деп жазды Кадырбек Атамбаев.

24.kg агенттігінің хабарлауынша, Атамбаевтың отбасы туысқандарының үйін паналауға мәжбүр болған.

Басылым Қой-Таш ауылындағы бұрынғы президенттің үйі орналасқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғанын еске салды. Бұл жерде заманауи қарттар үйі мен 500 орындық жаңа балабақша салу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу