Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды

259

Алғашқы "Airbus 330-200" бортымен 37 тонна жүк келген. 

Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды  Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына "Turkish Cargo" әуекомпаниясы қызығушылық танытып отыр. Жүктің басым бөлігі киім-кешек.

Жүк ұшағы Италияның Рим қаласынан ұшып, Түркия арқылы Түркістанға жеткен. Енді Түркістаннан ұшаққа азық-түлік артылып, Қытай еліне қарай аттанады. Еуропаға тікелей жүк тасымалдауға қолайлы ұшақ аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайтын болады.

Айта кетейік, 2020 жылы ашылған "Түркістан" Халықаралық әуежайынан жуырда ғана Самарқандқа тікелей қатынайтын рейс ашылған болатын. Сондай-ақ, Абу-Даби, Ыстамбұл, Эль-Кувейт қалаларына тікелей әуе рейстері қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу