Ыстамбұл мешітінде белгісіз біреу қарудан оқ атты

718

Ыстамбұл мешітінде белгісіз біреу қарудан оқ атты

Ыстамбұлдағы мешіттердің бірінде белгісіз адам қарудан оқ жаудырды. Жергілікті Hurriyet басылымының хабарлауынша 2 адам жараланған. Қазір құзырлы органдар күдіктіні анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізде болса, өткен түнде Ыстамбұлдағы түнгі клубтардың біріне Санта Клаус киімін киген ер адам кіріп, демалып отырғандарға оқ жаудырған болатын. 39 адам оқиға орнында қаза тауып, 60 адам жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу