Ыстамбұл су тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін

377

Ыстамбұл билігі азаматтарды суды үнемді пайдалануға шақырады.

Ыстамбұл су тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін Фото: BBC

Ыстамбұлдағы су қоймаларының толу деңгейі қалыпты жағдайдан 33,4%-ға дейін төмендеген, яғни соңғы тоғыз жылдағы ең төменгі деңгейге дейін жеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz қалалық су және кәріз басқармасына (ISKI) сілтеме жасап. 

Мамыр айында су деңгейі 48,58% құрады. Ыстыққа байланысты он бөгеттегі су күн сайын азайып, ең төменгі (4,47%) деңгей Ыстамбұлдың еуропалық бөлігіндегі Пабучдере бөгетінде тіркелген.

Қалалық су қоймаларындағы судың жалпы қоры 16 тамыздағы жағдай бойынша 289,84 млн текше метрге бағаланады. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде көрсеткіш 538,57 млн текше метрді құраған еді.

Егер жауын-шашын болмай, ыстық ауа-райы сақталған жағдайда су қоры көп болса 61 күнге жетеді. Ыстамбұл билігі азаматтарды суды үнемді пайдалануға шақырады, деп хабарлайды NTV.

14 тамызда Ыстамбұлда 30 градус, Измирде 33, Анкарада 39 градус болды. Кейбір аудандарда термометр бағанасы 45 градустан жоғары көтерілді, мысалы, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакырда 47 градус тіркелді.

Шілде айының ортасында Түркияның оңтүстігінде ыстық пен қатты желдің салдарынан орман өрттері басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу