Стамбулдың кейбір аудандарында жүргізілген тексерулер барысында 353 заңсыз мигрант ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция мен көші-қон басқармасы өкілдерінің қатысуымен тексерулер Үскүдар, Күчүкчекмедже, Бейкөз, Сарыйер, Бақырқой, Есенлер, Қағытхан, Бахчелиевлер, Умран және Гүнгерен аудандарында жүргізілді.
Рейд барысында 26 туристік кеме тексерілді.
Командалар 1433 шетелдік азаматты тексеріп, олардың арасынан 353 заңсыз мигрантты анықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу