Ыстамбұлда әйелдердің бейбіт шеруі өтті

728

Ыстамбұлда әйелдердің бейбіт шеруі өтті

Түркияда Халықаралық әйелдер күніне орай бейбіт шеру өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Мереке қарсаңында Ыстамбұлдағы Бакыр-көй ауданының орталық алаңына жиылған бір топ үкіметтік емес ұйым белсендісі әйелдердің құқығы аяқ асты етіліп отырғанына наразылық білдірді.

Ұйымдастырушылар, әсіресе, Түркияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршіп тұрғанына алаңдаулы.

"Үміт" қоғамдық қорының мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасылық дау-жанжалдан 400-ге жуық қыз-келіншек қаза болған. Оның 85 пайызы өз күйеуі мен сүйіктісінің қолынан қаза тауыпты.

Түркияда әр 10 әйелдің 4-еуі ерлерден зорлық көреді екен. Сондықтан бүгінгі шеруге шыққан белсенді топ билік өкілдерінен нәзік жандардың қоғамдағы орны мен рөлін арттыруды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу