Ыстамбұлда Ердоғанның сайлауалды митингі өтті

1304

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда сайлауалды митингісін өткізді. Оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты.

Ыстамбұлда Ердоғанның сайлауалды митингі өтті Фото: Anadolu Agency

Түркия мемлекетінің қазіргі басшысы әрі Халық альянсынан президенттікке үміткер Режеп Тайып Ердоған жексенбіде Ыстамбұлда сайлау митингісін өткізді, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап. 

Ресми мәліметтер бойынша, оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты. Митингіге қатысушылардан сұхбат алуға тырысқан телеарна журналистері көбі сахнаға шығуға тырмысып, өз ойын білдіруден бас тартқан. Алайда сұхбатқа келіскендері Ердоғанға деген ыстық ықыластарын білдірген көрінеді.

"Ердоған халық алдында берген барлық уәдесін орындады. Айтқанын істемеген кезі болмады"

"Ердоған - адамгершілігін шүберегіне түйген нағыз мұсылман әрі батыл басшы. Ол өзінің елін сүйетін мықты қолбасшы", - деп қатысушылар қолдау білдірді.

Соңғы сауланамаларға сәйкес, Ердоған 14 мамырда өтетін президенттік сайлауда оппозиция жетекшісі Кемал Қылышдароғлыдан артта қалып келеді. Президент қарсыласы маскүнем әрі террористік ұйымдармен байланысы бар деп, оппозицияға тағы шабуыл жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу