Ыстамбұлда қолдан жасалған алкогольден 11 адам қайтыс болды

Бүгінде алкоголь өнімдерін өндірумен және таратумен айналысқан екі Түркіменстан азаматы ұсталған. 

Ыстамбұлда қолдан жасалған алкогольден 11 адам қайтыс болды Фото: fergana news

Уланғандардың жалпы саны – 38 адам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиғаға Ақсарай ауданынан сатып алынған ішімдікті тұтыну себеп болған. Уланған азаматтардың арасында әйелдер де бар. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға келгендердің 26-сы – шетелдік азамат. Қазіргі уақытта олардың 11-і қайтыс болған. 

Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Келеңсіз жайтқа қатысты екі Түркіменстан азаматы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. 

Жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6 адамға жетіп отыр. Оның 5-еуі – ер адам, 1-еуі – әйел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу