Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, апат таңғы сағат 08:40 шамасында болған.
Оқиға орнына іздестіру-құтқару, өрт сөндіру және медициналық топтар келді.
Жеті адам қирандылар астынан шығарылды, оның екеуі ауыр халде жатыр.
Сонымен қатар бір адамның денесі табылды. Үйінді астында тағы екі адам қалды.
Ғимарат 1988 жылы салынған. Губернатор жарылыс болғаны туралы ақпарат жоқ және ғимараттың ескілігіне байланысты қирауы мүмкін екенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу