Ыстамбұлда құлағалы тұрған ғимараттар бұзылады

709

Құлағалы тұрған 318 үй анықталды. 

 Ыстамбұлда құлағалы тұрған ғимараттар бұзылады Фото: img2.eadaily.com

Ыстамбұлда жылдам сканерлеу әдісімен құлағалы тұрған үйлер анықталып, оларды бұзу процесі басталды, деп хабарлады Twitter-де қала мэрі Экрем Имамоғлы.

"Бұл процесті жеделдету және ынталандыру үшін біз қауіпті ғимараттардағы пәтерлер үшін қосымша 4,5 мың лира береміз. Мен барлық тұрғындарды түсіністікпен қарап, қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектесуге шақырамын", - деп қосты ол.

Өткен аптаның соңында Ыстамбұл әкімшілігі жер сілкінісі болған жағдайда бірінші кезекте құлауы мүмкін 318 ғимарат барын анықтады. Олардың ішінде 10 мың адам тұрады.

"Тағы 1525 тұрғын үй D және E - жоғары қауіпті санаттарға жатады. Біз алдымен 10 мың адам тұратын 318 ғимаратқа жоспар дайындадық — үйлер тұрғындары эвакуацияланады, пәтер иелеріне пәтерді жалға алу құны өтеледі", - деді Ыстамбұл Бас хатшысының көмекшісі Бугра Гөкче.

Қалада төрт жыл бойы техникалық университетпен бірлескен 90 күндік үйлердің тұрақтылығын тегін бағалау бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Үш жыл ішінде билік 30 мыңға жуық өтініш қабылдаса, ал 6 ақпандағы жер сілкінісінен кейінгі кезеңде 40 мыңға жуық өтініш түсті, деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу