Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

368

Соның салдарынан 1 адам қаза тапты. 

Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды Фото: DHA

Ыстамбұлда католик шіркеуіне шабуыл жасалды. 

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х парақшасында елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

"Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) Ыстамбұлдағы Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуінде болған.

Аталған факті бойынша ауқымды тергеу басталды. Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр", - деп мәлімдеді Али Ерликая.

Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Қаскөйлер іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу