Ыстамбұлдағы лаңкестік актіні ұйымдастырды деген күдікпен 8 адам ұсталды

715

Ыстамбұлдағы лаңкестік актіні ұйымдастырды деген күдікпен 8 адам ұсталды

Түркия полицейлері Reina түнгі клубындағы лаңкестік актіге қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Түркия үкіметі өткен аптада ДАИШ лаңкестік ұйымының мүшесі деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазірдің өзінде 150 адам тұтқынға алынды, олар ДАИШ-пен байланысып отырған. Қазір бұлардың 25-і лаңкестік ұйымға қатысы бар деп ресми түрде айыпталды.

Естеріңізге саламыз, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Ыстамбұл қаласындағы Reina түнгі клубына белгісіз біреу қарулы шабуыл жасап, 39 адамды мерт етті, тағы 70 адамды жаралады.

Қаза болғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы, Марокко, Ливан, Иордания, Ливия және Израиль азаматтары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу