Ыстамбұлдан келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталған

623

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, шаһардағы эпидахуал тұрақты. 

Ыстамбұлдан келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталған

"Алматыда 10 қарашадағы жағдай бойынша 14990 коронавирустық инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелген. Соңғы тәулікте 24 адамнан індет анықталды. Оның барлығы коронавирустық инфекция болса, анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелді. Коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы Ыстамбұл – Алматы рейсімен келген жолаушыда тіркелді. Мегаполистегі тәуліктік өсім 0,2%-ды құрайды", – деді ол. 

Жасқа қарай талдау бойынша Алматыдағы науқастардың ішінде қарт адамдар 33%-ды, қашықтықтан оқитын оқушылар 0,2%-ды құрайды. 

"Індетті көбінесе ұжымдарда және қарт адамдар жұқтырған, яғни 192 жағдай. Ал қоғамдық көлікте – 124 адам, үйде 79 адам жұқтырған. Сондықтан қалада подьездердің дезинфекциясын күшейту керек", – деді шаһардың мемлекеттік бас санитар дәрігері. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу