Ыстамбұлға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтауға қонуға мәжбүр болды

480

Кәмелетке толмаған жолаушы өзін нашар сезінген.

Ыстамбұлға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтауға қонуға мәжбүр болды

SCAT ауекомпаниясының Ыстамбұлға бағыт алған ұшағы кәмелетке толмаған жолаушының денсаулығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі.

"Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінді. Ұшақ командирі ұшу портына оралуға шешім қабылдады", – деп жазылған компанияның хабарламасында.

Баспасөз қызметі бұл жолаушының кәмелетке толмағанын нақтылады.

"Ақтауға оралғаннан кейін жолаушыны медициналық қызметтер күтіп алды. Барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін рейс қайта жалғасты. Біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекте", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу