Ыстамбұлға ұшқан жолаушы ұшақта босанды

471

Ыстамбұлға жақындай бергенде болашақ ананы толғақ қысқан.  

Ыстамбұлға ұшқан жолаушы ұшақта босанды Фото: Tengri Travel

26 сәуірде Ташкент-Стамбул бағыты бойынша ұшқан Uzbekistan Airways бортында бала туылды, деп жазады inbusiness.kz әуе компанияның сайтына сілтеме жасап.

1996 жылғы Ситора есімді жолаушы стюардессаларға өзін нашар сезінетінін айтып, көмек беруін сұраған. Бригадир жағдайды түсініп, бортта дәрігерлер бар-жоғын сұраған. Ыстамбұлға жақындай бергенде болашақ ананы толғақ қысқан.

Нәтижесінде жолаушы жүктіліктің 28-ші аптасында ұл туды. Межелеген жерге - Ыстамбұлған қонғаннан кейін халықаралық әуежайдың медициналық қызметкерлері бортқа көтерілді. Ана мен жаңа туған нәресте клиникаға жеткізілді, олардың жағдайы жақсы деп бағаланды.

"Авиакомпания ұжымының атынан ата-аналарды кішкентай отандасымыздың туылуымен құттықтаймыз, бортта босануға көмектескен экипаж бен дәрігерлерге алғыс білдіреміз", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Осы оқиға есте қалу үшін Uzbekistan Airways босану кезінде қолдан келгенше көмек көрсеткен жолаушыларға естелік сыйлықтар берді.

"Мүмкін Дүниежүзілік ұшқыш күнінде дүниеге келген сәби өз өмірін Аспанмен және авиациямен байланыстырады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу