Ыстанбұл азық-түлік келісімі аясында 2,5 млн тонна украиналық азық-түлік экспортталды

818

Бірлескен Үйлестіру орталығы Қара теңіздегі астық бастамасы аясында Украина порттарынан украиналық 6 кеменің шығуына рұқсат берді. Бұл туралы БҰҰ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ыстанбұл азық-түлік келісімі аясында 2,5 млн тонна украиналық азық-түлік экспортталды

"Бірлескен Үйлестіру орталығы Қара теңіздегі астық бастамасы аясында барлығы 96 181 тонна астық және басқа да агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тасымалдайтын алты кеменің шығуына рұқсат берді", – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Princess Amam (6 мың тонна бидай), Lady Sharm (5,6 мың тонна күнбағыс тұқымы) кемелері Италияға жол тартады. Bryza кемесі (6,5 мың тонна жүгері) Грецияға, Magnolia кемесі (6,6 мың тонна күнбағыс майы) Түркияға жөнелтілді. Eaubonne кемесі Испанияға 32,7 мың тонна жүгері, 13,8 мың тонна бидай және 10,8 мың тонна арпа, ал Kang 2 кемесі Ливияға 11 мың тонна жүгері, 2,9 мың тонна арпа жеткізеді деп көрсетілген.

A-line (10,7 мың тонна жүгері) және Lucky (6 мың тонна жүгері, 4,4 мың тонна арпа) кемелері сенбіде шығады деп жоспарланған.

Айта кету керек, 22 шілдеде Ыстанбұлда БҰҰ, Ресей, Түркия, Украинаның қатысуымен Украинаның үш портынан экспорттау дәлізін құру туралы екі құжатқа қол қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу