Ыстанбұл қаржы орталығы ашылды

1020

Ыстанбұл - әлемнің санаулы қаржы орталықтарының біріне айналды. 

Ыстанбұл қаржы орталығы ашылды Фото: Anadolu Agency

Түркияның теңдессіз жобасы президент Ердоғанның қатысуымен ашылды. Түркия әл-ауқат қоры мен қоршаған орта, урбанизация және климат министрлігінің үйлестіруімен жүзеге асқан Ыстанбұл қаржы орталығы салтанатты түрде қолданысқа берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Әлемдегі ең үлкен әрі ең озық инфрақұрылым нысандарына ие Ыстанбұл қаржы орталығы өзінің сәулеттік дизайнымен және жоғары санаттағы жабдықтарымен Ыстанбұл мен Түркияның мақтанышына айналмақ.

Аталмыш қаржы орталығына 1,3 миллион шаршы метр кеңсе алаңы, 100 мың шаршы метр сауда орталығы, 2100 адамдық конгресс орталығы, 5 жұлдызды қонақ үй кіреді. Сондай-ақ, ақылды қала үлгісімен жергілікті және шетелдік қонақтарды қабылдайды.

Жобада банктер кезеңінің ашылуымен Түркиядан және шетелден маңызды банктер мен қаржы институттары Ыстанбұл қаржы орталығында орын алады деп күтілуде. Алып қаржы жобасының банктер кезеңінде Vakıfbank, Ziraat Bank және Halk Bank-тың тиісті бөлімшелері жұмыс істей бастайды.

Орталықта соңғы технологиямен жабдықталған 21 кеңсе ғимараты бар. Кеңселер мен сауда орталығы ашылғанға дейін жоғары сұранысқа ие болды. А класындағы ғимараттардың барлық басқару жүйелерін бір шатырдың астына жинаған жоба әлемдік стандарттарға сәйкес және ақылды қала үлгісімен жасалған. Жобадағы барлық кеңселер ашылатын терезелермен әрі ультракүлгін сәулесі бар желдету жүйелерімен жабдықталған.

Күн сайын 100 мың келушіні қабылдайды деп болжанған сауда орталығында отандық және шетелдік әлемге әйгілі мейрамханалар мен бөлшек сауда маркаларының дүкендері ашылады. Ашық аспан астында, жалпы 3,3 шақырым ұзындықтағы көше мен алаңдарға жайылған екі қабатта сауда жасауға мүмкіндік береді. Сауда орталығында күні бойы гастрономия, киім-кешек, технология, өнер, ойын-сауық және басқа да бөлшек сауда санаттары бар қызметтер мен брендтердің кең ауқымы ұсынылады.

Сонымен қатар, Ыстанбұл қаржы орталығының ішінде орналасқан 5 жұлдызды қонақ үй қызмет көрсетеді. Онда 325 бөлме бар. Ал оның 80-і ұзақ мерзімді тұруға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу