Ыстанбұл тұрғындарының саны 1927 жылы 806 мың 863 адам болған, 2016 жылы бұл көрсеткіш 14 млн 804 мың 116-ға жетті, деп хабарлайды "Анадолу" басылымына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Агенттіктің Түркияның статистика институтына сілтеме жасай отырып таратқан мәліметтеріне қарағанда, Ыстанбұл халқының саны өткен жылдың соңына таман Түркияның жалпы халқының 18,5 процентін (79 млн 814 мың 871 адам) құраған.
2011 жылы Ыстанбұл тұрғындарының саны 13 млн 624 мың 240, ал 2015 жылы 14 млн 657 мың 434 адамға жеткен.
Түркияның 100 жылдығы қарсаңында Ыстанбұл халқының саны 16,5 млн-ға жетеді деген болжам бар.
TÜİK агенттігінің болжамы бойынша Ыстанбұл тұрғындарының саны 2020 жылы 15 млн 850 мың 684 адамға, ал 2023 жылы 16 млн 568 мың 500 адамға жетеді.