Ыстанбұл үшін кек: Түркия Сирия мен Иракқа соққы берді

875

Осы елдердегі күрдтердің топтасқан жерлері - Түркияның басты нысаны.  

Ыстанбұл үшін кек: Түркия Сирия мен Иракқа соққы берді Фото: islam-today,ru

Түрік қарулы күштері Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі күрд күштеріне қарсы әскери операция бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Түрік әуе күштері Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдері орналасқан жерлерді белсенді түрде бомбалап жатыр.

Сирияда Айн-Эль-Араб (Кобани), Тель-Рифат, Манбидж, Әбу Разин, Айн-Дигна, Мена авиабазасы, Эль-Маликия, Тель-Абьяд, Марааназ, Айн-Исса батыс аудандары шабуылға ұшырады.

Иракта Түрік күштері Кандил, Синджар, Сүлеймания, Сенкесер және Карачокуға соққы береді.

Қазір жүріп жатқан әуе операциясы - түрік қарулы күштері ұйымдастырған ең ірі операциялардың бірі. Барлығы 70-ке жуық жойғыш, 20 ҰҰА, 4 жанармай құю ұшағы, 1 алыс радиолокациялық анықтау жүйесі жұмылдырылған.

Түркия кек қайтару операциясын бүгін Сириядағы Кобани қаласынан бастағанын еске саламыз. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу