Осыған байланысты Ыстанбұл–Ақтөбе бағытындағы PC240 рейсі Ақтауға қауіпсіз қонды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әуе компаниясы жолаушыларды Ақтаудағы қонақүйге орналастырып, жағдай тұрақтанған соң Ақтөбеге жеткізетінін мәлімдеді.
Ақтау әуежайының дерегінше, қазір бортта 16 жолаушы бар. Олар әуе кемесінен түсуден бас тартқанын айтқан.
– Әуе компаниясы Ақтау–Ақтөбе бағытындағы қосымша рейске билет рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл рейс ертеңге жоспарланып отыр. Тиісті билеттер дайын болған соң, жолаушылар ұшақты босатады деп күтіледі. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, Ақтауға бағытталған барлық рейстерді қабылдауға мүмкіндігі бар, – деп хабарлады Ақтау әуежайы ресми ақпаратында.