Газдың шығуынан туындаған жарылыс Түркияның солтүстік-батысындағы Ыстанбұл, Фатих ауданындағы ғимараттың бірінші қабатында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Medyatava порталына сілтеме жасап.
Тұрғын үйде сағат 21.00 шамасында жарылыс болып, кейін өртке ұласты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіріп, аумақты тексеруді жалғастырды. Полиция жарылыс болған көшені жауып тастады. Жергілікті жерде дәрігерлер мен шұғыл қызметтер жұмыс істейді.
15 қараша қарсаңында елдің осы аймағында жарылыстар болып, бірнеше көлік жалынға оранды. Бір көліктің жануынан басталған өрт тұраққа қойылған төрт көлікті де жалмаған. Соңында бір көлік жарылып тынды.