Ыстанбұлда қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

133

Іс-шара барысында қонақтар қазақтың ең кең таралған дәстүрлі тағамдарының бірі – бауырсақтың дәмін татып көрді. 

Ыстанбұлда қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды Фото: СІМ

Ыстанбұл Кент университетінде Түркияда оқитын қазақстандық студенттер арасында дәстүрлі қазақ тағамы – бауырсақ дайындаудан аспаздық сайыс форматында конкурс ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға Ыстанбұл, Анкара, Анталия, Измир және Бурса қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер қатысты.

Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ғылыми-академиялық қауымдастықпен қоса, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі елдерден келген жастар жиналды.

Іс-шара барысында қонақтар қазақтың ең кең таралған дәстүрлі тағамдарының бірі – бауырсақтың дәмін татып көрді. Сонымен қоса, қазақ асханасының өзге де ұлттық тағамдары ұсынылып, қатысушылар дәмін сезініп қана қоймай, Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

"Конкурстың негізгі мақсаты – бауырлас Түркияны дәстүрлі қазақ асханасымен таныстырумен қатар, шығармашылық бәсекелестік арқылы достық пен өзара ауызбіршілік атмосферасын қалыптастыру болды. Әрбір команда бауырсақтың дәстүрлі рецепттері мен дайындау техникасын көрсетті", – делінген хабарламада.

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл және Ыстанбұл Кент университетінің ректоры Неджметтин Атсу құттықтау сөз сөйлеп, мұндай шаралар бауырлас қазақ-түрік халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ дәстүрлерді танытуда маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу