Ыстанбұлда Қазақстанның 200 турисі әуе рейсін күтіп отыр

1056

Ыстанбұлда Қазақстанның 200 турисі әуе рейсін күтіп отыр

Ауа-райының қолайсыздығынан дәлірек айтсақ, қалың қардың кесірінен Ыстанбұлда жүздеген  әуе рейсінің ұшу кестесіне өзгеріс енгізілді. Осының салдарынан туристер қолайсыз жағдайға тап болды. Ел аралап жүргендердің арасында 200 қазақстандық турист бар. Олар Ыстанбұл әуежайында әуе рейсін күтуге мәжбүр болып отыр.

"Табиғаттың тосын мінезіне байланы Ыстанбұлда осындай жағдай орын алып отыр. Мұның бәрі уақытша, алаңдаудың қажеті жоқ", - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаментінің басшысы Марат Иғали.  Ал Ыстанбұлда әуе рейсін күтіп отырған отандасымыз Мария Шевченко әуежайда 6 сағат сарсаңға салынғанын айтады.

"Қатты шаршадық, жүйкеміз тозғандай болды. Туыстарымызды сағындық. Енді, не болса да көреміз, не болса да көнеміз, ең бастысы Қазақстанға аман-есен жету", - деді турист Мария Шевченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу