Ыстанбұлда Ресей мен АҚШ делегацияларының елшіліктердің жұмысына қатысты келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТАСС агенттігінің жазуынша, келіссөздер аяқталған соң БАҚ-қа сұхбат берілмеген. Мәскеу уақыты бойынша сағат 16:20-да Ресей делегациясының көлігі Ыстанбұлдағы АҚШ бас консулдығының резиденциясынан шығып кетті.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздер нәтижесі туралы ақпараттың жарияланатынын айтқан еді.
Соңғы аптада Ресей мен АҚШ арасындағы байланыстар жандана түскен. 12 ақпанда Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Ал 18 ақпанда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ-тың жоғары деңгейдегі делегациялары кездесті.