Ыстанбұлдағы әулие София шіркеуінің алдына жиналған бір топ адам сол жерде таңғы намаздарын оқып, музейді мешітке айналдыру туралы тағы да үндеу тастады, деп хабарлайды РИА Новости.
Жергілікті уақыт бойынша шамамен 04.00 сағатта топтасқан халықты Анатолия жастарының қауымдастығы жинаған. Олар "Шынжырды бұзып, Айя-Софияны аш" деп ұрандады, деп жазады Hurriyet газеті.
Хабарға сүйенсек, олар намаздан соң тараған.
Константинопольдегі әулие София шіркеуі мың жылдан астам уақыттан бері христиан әлеміндегі ең үлкен шіркеу саналып келді. Осман империясы Константинопольді жаулап алып әрі Византия империясы құлаған соң шіркеу мешітке айналдырылғанымен, 1934 жылы түрік мемлекетінің негізін салушы Ататүріктің жарлығымен ғимаратты музей етіп, ЮНЕСКО тізіміне енгізген болатын.